Петропавлде Арнайы экономикалық аймағы құрылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Петропавлде Арнайы экономикалық аймағы құрылды

444

Smiley face

Облыс әкімі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, бұл Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы азық-түлік өнімдерін, құрылыс материалдарын, жиһаздарды, электроника мен машина жасауды өндіретін және өңдейтін жалғыз арнайы экономикалық аймақ болып табылады. Бизнеске салық жеңілдіктері беріледі, мемлекет барлық инфрақұрылымды тартады.

«Қымбатты достар, сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскім келеді. Бүгін «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бұл күн Солтүстік Қазақстан облысы үшін маңызды күн. АЭА аумағында 3 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Бірінші кезеңде инвестиция сомасы 160 млрд теңгені құрайды. «Qyzyljar» АЭА 25 жыл жұмыс істейді, осы уақыт ішінде 1,5 трлн теңге сомаға өнім шығару жоспарлануда», - деп жазды Құмар Ақсақалов Facebook парақшасында.

Жергілікті билік ҚР басқа облыстарынан, алыс шетелдерден, Ресейдің шекаралас аймақтарынан инвесторлардың қызығушылығын күтуде.


Көзі: Yunews.kz