Қазақстандықтарды Чехия қалаларын азат ату кезінде қаза тапқан туыстарын еске алуға шақырады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандықтарды Чехия қалаларын азат ату кезінде қаза тапқан туыстарын еске алуға шақырады

444

Smiley face

Чехияда Фрыдек-Мистек елді мекенінде (чеш. Frydek-Mistek, Moravskoslezsky kraj, stat Cesko) қаза тапқан және құрметті әскери қабірде жерленген Қызыл әскер жауынгерлердің аттарын және дербес деректерін анықтау бойынша жұмыс аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жауынгерлердің жерленген жерлерін іздестіру-зерттеу жұмыстарын Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Чехияда әскери-мемориалдық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша өкілі Чехиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің жәрдем көрсетуімен жүргізгізді. Бірлескен іздеу-зерттеу жұмысының нәтижесінде тиісті каталог анықталды, оның ішінде 542 жаңа ат анықталып, 895 адамның қосымша дербес деректері нақтыланды. Сондай-ақ Фрыдек-Мистек Мистек елді мекенінде осы әскери қабірде құрбан болған Қызыл Әскер жауынгерлерінің аттарымен мемориалдық плита орнатылады. Мемориалдық плиталардың салтанатты ашылуы 2019 жылғы қазанның аяғы-қарашаның басында өткізіледі деп жоспарланған. Осыған орай, қаза тапқан жауынгерлерді лайықты түрде мәңгі есте сақтау мақсатында Ресей Федерациясы қаза тапқан қазақстандық сарбаздардың жақын туыстарын осы іс-шараға қатысуға шақырады.


Көзі: yunews.kz