Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары пара алғаны үшін сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары пара алғаны үшін сотталды

444

Smiley face

Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алған Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары – жер комиссиясының төрағасы Б.Қ. Серіковке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол жеке тұлғалардың пайдалануына жатпайтын қосымша жер учаскесін жалға беру туралы оң шешім қабылдағаны үшін азаматтан 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген болатын.

Ағымдағы жылдың 7 қазанында Жаңаарқа аудандық сотының үкімімен Б.Қ. Серіков пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сотталушы мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.


Көзі: yunews.kz