Қазақстан Парламенті Сенатының делегациясы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының күзгі сессиясына қатысты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан Парламенті Сенатының делегациясы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының күзгі сессиясына қатысты

444

Smiley face

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Төлеубек Мұқашев бастаған қазақстандық делегация Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Марракеште (Марроко) өткен күзгі сессиясына қатысты, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

57 елдің парламентшілері қатысқан Ассамблея сессиясының негізгі тақырыбы Жерорта теңізі аймағындағы қауіпсіздікті күшейту жолдарын, сондай-ақ климаттың өзгеруі мен ЕҚЫҰ кеңістігіндегі экологиялық көші-қон мәселелерін талқылауға арналды.

Т.Мұқашев шараға қатысушыларға «Дін немесе сенім негізіндегі төзбеушілікпен және кемсітушілікпен күрес» үшінші сессиясы аясында төзімділік пен жаһандық дінаралық үнқатысуды ілгерілету жөніндегі отандық тәжірибені таныстырды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін шақыру жөніндегі бастамасын және Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың белгілеген бағытын жалғастыратынын атап өтіп, сенатор радикализмге төзбеушілік пен онымен күрестің салдарын болдырмау жөніндегі жүйелі және алдын ала атқарылатын шараларға тоқталды. Т.Мұқашев өз сөзінде терроризмнің ортақ анықтамасын жасау, террористік және экстремистік ұйымдардың, халықаралық қылмыстық топтардың бірыңғай тізімін қалыптастыру туралы Елбасының ұсынысын ерекше атап өтті.

Smiley face

 Ассамблея асында сенаторлар Т.Мұқашев пен Ғ.Дүйсембаев ЕҚЫҰ ПА Төрағасы Георгий Церетелимен, Мароккодағы Көші-қон халықаралық ұйымы бюросы директорының орынбасары Тереза Ботелламен, американдық сенатор Роджер Уикермен және Мысыр, Марокко, Ресей, Тәжікстан мен Түркияның депутаттарымен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесу барысында Ассамблеяның күн тәртібі, сондай-ақ био алуантүрлілік пен экология мәселелеріне қатысты пікір алмасу болды.

Smiley face


Көзі: yunews.kz